• 6 окт. 2014 г.

Жамбыл облысы Тараз қаласы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің 2013-2014 оқу жылында жаз

DSC_0152.JPG
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ІІІ курс 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі», 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі», 0105023 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі», 0111063 Өзін-өзі тану мұғалімі», 0111013 «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі», 0101000 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу», 0108000 «Музыкалық білім беру» және 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарында оқитын білім алушылар мемлекеттік стандарт негізінде 2013-2014 оқу жылының маусым айынан бастап жазғы тәжірибе жинақтауға балалар сауықтыру лагерьлеріне жіберілді. Аталған мамандықтардағы білім алушылар үшін 36 сағат көлемінде (1 апта) оқу семинары ұйымдастырылып, бекітілген әдіскер балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру, жаз кезеңіндегі тәрбие жұмысын жүргізуге дайындық жұмыстарын жүргізді. Лагерь - балалар алаңы, оның құрылымы, жұмыстың негізгі бағыттары, машықтанушы білім алушылардың функционалдық міндеттері туралы мәліметтер беріліп, балалардың еңбек, ойын, көркем шығармашылық, спорттық іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты өтілетін іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы міндеттерді есепке ала отырып, колледж әкімшілігі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» және «Рауан» сауықтыру лагерьлерімен келісім-шартқа отырды. Сонымен қатар, мектеп жанынан ашылған сауықтыру лагерьлері және «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығында оқитын білім алушылар үшін балабақшалармен келісім-шарт жасалып, нәтежиесінде 4 нысан бойынша колледж білім алушылары жазғы тәжерибе жинақтауға жіберілді.

IMG_5241.JPG

Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесі, яғни, жазғы тәжірибе жинақтаудың қорытынды конференциясы 2014 жылғы 6 қазанда колледждің акт залында «Жаз алаңы-2014» деген атпен өткізілетін болады. Аталған іс-шараға «Болашақ» және «Рауан» сауықтыру лагерьлерінің әкімшілігі атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылды. Конференция бағдарламасы 3 бөлімнен құралып, аталған 4 нысан бойынша білім алушылар өз дайындықтарын көрсетеді, яғни, «Болашақ», «Рауан», мектеп жанынан ашылған сауықтыру лагерьлері және балабақшада өтілетін жазғы тәжірибенің ұйымдастырылу формалары, ерекшеліктері, ұқсастықтары және ұсыныстары осы конференцияда талқыланып, қорытындылатын болады.

IMG_5582.JPG
IMG_5220.JPG

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More