Астана қаласы 2014 жыл шілде
12 жылдық оқытуға көшу жағдайындағы заманауи қосымша білім беру жүйесін дамытудың негізгі тенденциясы – жалпы орта білім беру жүйесімен ықпалдасуы, демек, бірегей білім беру кеңістігін құруы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қосымша білім беру желісін дамыту және мазмұнын жетілдіру көзделген.
Қазіргі заманда балаларға қосымша білім берудің негізгі мақсаты білім алушылардың бас құзыреттіліктерін: оқу-танымдық, ақпараттық, жалпы мәдени және т.б. қалыптастыру болып саналады.
Құзыреттілік тәсіл жағдайындағы білім берудің мақсаты – бар білімі мен біліктілігін қолдана отырып, әртүрлі мәселелерді өздігінен шешуге қабілетті интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған азаматты қалыптастыру. Сонымен бірге балаларға қосымша білім берудің: ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, экологиялық биологиялық, туристік өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық және тәлімгерлердің негізгі бағыттары бойынша кең мүмкіндіктері бар.
Қосымша білім беру педагогтерінің қызметі қазіргі заман жағдайына сай ерекше күш салуды талап етеді, себебі ол ғылыми-әдістемелік жоспарда лайықты дайындығы болуы, білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізе алуы, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларға бағдарлануы шарт.
2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарын қабылдау бойынша нақты міндет қойылды. Жігерлілік, шығармашылық ойлау және ерекше шешім табу, кәсіби жолды табу іскерлігі - тұлғаның маңызды функционалдық қасиеттері болып табылады.
Курстың мақсаты қосымша білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттыру – балаларға қосымша білім берудің бағыттары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, нормативтік құқықтық қорын,жетілдіруге, білім беру үрдісінде заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануға жағдай жасау, сонымен қатар педагогтердің шығармашылық әлеуеттерін дамытудағы әдістемелік көмек көрсету.
Курс міндеттері:
1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық базаны жаңаруы жөнінде тыңдаушыларды хабардар ету;
2) заманауи білім беру технологиялары жөніндегі әдістемелік және теориялық білімдерін жетілдіру;
3) қосымша білім берудің бағыттары бойынша тәрбие түрлеріндегі ықпалдастық әдістің дағдыларын меңгеруге үйрету;
4) ізденудің әртүрлі тәсілдері жөніндегі (анықтама деректерінде және интернет желісінің ашық оқу ақпараттық кеңістігінде), ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау, ұйымдастыру, табыстау туралы түсініктерін жетілдіру.
Курс өткізудің негізгі түрлері: дәрістер, семинарлар, практикумдер, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сыныптар, тренингтер, экскурсиялар, көрме материалдарын шолу, өзіндік жұмыс, жобаларды қорғау.
Мақсатты топтың сипаттамасы: қосымша білім берудің ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, экологиялық биологиялық, туристік өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттары бойынша жұмыс жасайтын жетекшілер, әдіскерлер және педагогтер, тәлімгерлер.
Біліктілікті арттыру курстары тақырыптарына сәйкес білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
Жалпы бағдарлама көлемі – 72 академиялық сағат. Бағдарлама блок-модульдік жұйеде құрастырылады.
Оқу бағдарламасы 4 негізгі модульдерден тұрады:
Нормативтік құқықтық модуль курс тыңдаушыларына қазақстандық білімнің жаңғыру бағыттарын, қосымша білім берудің нормативтік құқықтық базасының жаңару мәселелерін ашып көрсетеді.
Психологиялық-педагогикалық модуль балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыс істеудегі, бала тұлғасын, балалардың жас ерекшеліктерін дамытудағы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастардың тұлғааралық мәселелерін және кикілжіңдердің алдын алуын қарастырады.
Теориалық-технологиялық модуль құзыреттілікке бағдарланған білім беруге көшу жағдайындағы педагогикалық қызметті жетілдіруді қарастырады.
Бағдарламаның тәжірибеге бағдарлау модулі бала тұлғасының дамуына бағытталған тәрбие және білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызатын негізгі педагогикалық технологияларды, сондай-ақ инновациялық білім беру технологияларын енгізуді ашып көрсетеді.
Курстар білім беру, тәрбиелік, әлеуметтік бағыттарды қамтиды. Курстар арқылы балалардың, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі, қауіпті топтағы балалардың даму, бейімделу және әлеуметтену бағдарламасы көрсетіледі.
2014 жылғы қаңтар-маусым айларында ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, экологиялық биологиялық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша, сонымен қатар жазғы лагерлердің тәлімгерлеріне арналған курстар ұйымдастырылып өткізілді.
1. 2014 жылғы 13-22 қаңтарда Астана қаласында «Қосымша білім берудің музыка бағытында (этносольфеджио) балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи жолдары».
2. 2014 жылғы 24 ақпан – 5 наурызда Астана қаласында «Балаларға қосымша білім беру жүйесін жаңғырту: инновацияларды енгізу және қызмет сапасын қамтамасыз ету».
3. 2014 жылғы 14-23 мамырда Ақтөбе қаласында «Ғылыми - техникалық бағыт бойынша қосымша білім беру ұйымдары балаларының техникалық шығармашылығын дамыту».
4. 2014 жылғы 9-18 маусымда Семей қаласында «Қосымша білім беру ұйымдарындағы экология-биология бағытының негізгі кұзыреттіліктерін тиімді
қалыптастырудың заманауи технологиялары».
Республиканың барлық өңірлерінен 200 педагог қамтылды.
Бұдан басқа, 4 бюджеттік емес курстар өткізілді.
1. 2014 жылғы 27-31 наурызда Алматы қаласында «Туристік көпсайыс техникасы мен тактикасына төрелік ету технологиялары» (46 тыңдаушы).
2. 2014 жылғы 7-16 сәуірде Қарағанды қаласында «Қосымша білім берудің музыка бағытында (фортепиано) балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи жолдары» (55 тыңдаушы).
3. 2014 жылғы 23-26 сәуірде Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылында «Звёздный» балалар сауықтыру лагерінде «Балалар лагерлерінің қызметін ұйымдастырудың заманауи жолдары» (88 тыңдаушы).
4. 2014 жылғы 29 мамыр-7 маусым Алматы қаласында «Қосымша білім берудің музыка бағытында балалардың әлеуметтік-тұлғалық дамуын ұйымдастырудың заманауи жолдары» (95 тыңдаушы).
Біліктілікті арттыру курстарының анализдерінің тиімділігі курс басында сауалнама өткізудің, курс соңында бағалау парақтарын толтыру мен тыңдаушылардың БАҚ берген пікірлерінің арқасында объективті сипатқа ие болады.
Сауалнама жүргізу мақсатты топтарға сипаттама беруге, соның ішінде тыңдаушылардың курсқа қатысу фактісіне және квотаға сәйкес өңірлердің жолдаған сұраныстарына байланысты салыстырмалы шолу кестесін жасауға мүмкіндік берді.
Тыңдаушылардың бағалау парақтары дәрістер мен практикалық сабақтардың мазмұндылығын, дәріс материалдарының берілген тақырыпқа сәйкестігін, педагогтердің актерлік шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін, эрудицию және сабақтарды өткізу мәнерін, сонымен қатар дәріскерлер құрамының біліктілік деңгейлерін көрсетті. Педагогтерді бағалау қорытындысы бойынша оқытушылар құрамы жоғары балдармен бағаланды. Мұндай нәтиже дәріскерлер мен педагог-практиктердің сапалы іріктелгенін байқатады.
Тыңдаушылар сауалнамасы әртүрлі бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстары жоғары сұраныста екендігін көрсетеді.
