• 4 окт. 2014 г.

МИНСКІДЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ ӨТТІ

1.png

Білімнің сапасын арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеу керек. Минскіде басталған ТМД елдерінің білім саласы қызметкерлерінің кезекті съезінде осындай тұжырым айтылды. Жиынға ұлттық білім жүйесінің басшылары ғана емес, қарапайым мұғалімдер де барған. Олардың барлығы білім сапасын қайтсек арттырамыз деген мәселені бірге талқылап жатыр. Бұл ретте Қазақстанның тәжірибесін мамандар жоғары бағалапты. Ал Беларусь елінің Білім министрі Сергей Маскевич ТМД елдерінің білім жүйесі бір-бірін жетілдіріп келе жатқанын айтады. Мәселен, елімізден барған делегация беларусьтікәріптестерінің оқушыларды бағалайтын 10 балдық жүйесіне қызығыпты. Күләш Шамшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» басқарма төрайымы: - Негізі бағалау жүйесі жай баға үшін қойылмауы керек. Қойған бағасы арқылы мұғалім алдындағы баланың шамасын білуге мүмкіндік алуы керек. Яғни, оқушы қаншалықты дәрісті қабылдай алды, оны қалай әрі қарай қабылдай алады, сабақтың барысын қаншалықты түсінді. Міне, мәселе осында болуы керек. Білім берудің түпкі мақсаты - біреуге 5, біреуге 4, біреуге 3 қоюмен шектелмейді. Керісінше, адамның шығармашылық қабілетін анықтап, қай салаға қарай икемі барын біліп, оны әрі қарай да жалғастыруға жол ашуы керек. Рәмзия Өмірбаева, Астана қаласы №17 мектеп-гимназиясының директоры: - Бізде бар түйткілді мәселелер ТМД-ның өзге де елдерінде де бар. Бірінші мәселе – білім сапасын көтеру. Осы бағытта жұмыла жұмыс істеп, мұғалімнің статусын көтеруге күш жұмсалуы керек деп ойлаймын. Өйткені білім беру саласында мұғалімнің тұлға ретіндегі рөлі де ойнайды. Сондықтан мұғалімнің деңгейі өте маңызды. Білім саласы бір орында тұрып қалмауы керек. Қазір талантты, білімді балалар көп. Оқушы талантты болып қалыптасуы үшін де талантты ұстаз қажет.

Источник: www.24.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More