• 2 окт. 2014 г.

ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕГІ

1.png
Ақтөбеде 50 мұғалім түрлі марапатқа ие болды. Бірі министрліктің, енді бірі облыстық білім басқармасының алғысын алды. «Үздік ұстаз» республикалық байқауына қатысып, бағын сынағандарға сыйлықтар табыс етілді. Оқушылар мұғалімдеріне арнап мерекелік концерт қойып берді. «Химия қиын, ашиды миым» -деп талай оқушының химия пәнінен басын ала қашатыны белгілі. Менделеев кестесін меңгеріп кету де оңай емес. Бибігүл Ербалықова 25 жылдан бері осы пәннен сабақ береді. Ұстаздық жолды таңдауға үлкен әпкесі себеп болыпты. Бибігүл Ербалықова, №30 орта мектептің химия пәні мұғалімі: - Химияны көбі қиын пән десе де, бағдарламаны уақытында оқығанда ол өте қызықты пән болып есептеледі. Білікті ұстаздың айтуынша, елдің болашағын ойлаған оқушы химиядан қашпауы керек. Қазақстанда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі бар. Оны тауып зерттеу үшін маман қажет. Бибігүл мектеп ішінен қосымша үйірме ашқан. Сабақтан тыс уақытта балаларды баулып жүр. Бибігүл Ербалықова, №30 орта мектептің химия пәні мұғалімі: - Мен балаларға «Жастар – Қазақстанның болашағы. Сіздер жақсы маман атануларын үшін химия пәнін жақсы білулерін керек» деп айтамын. Халықаралық, республикалық байқаулардың үздігі Бибігүлді бүгінде білім басқармасы алғыс хатпен марапаттады. Ұстаздарға арналған осы салтанатты жиында саланың жетістіктері айтылды. Мұғалімнің мәртебесі мен мамандықтың қадірін арттыру жайы талқыланды. Жиі айтылып жүрген нақты ғылымдарды дамыту мәселесі де көтерілді. Жанат Самұратова, облыстық білім беру басқармасының басшысы: - Қазіргі күні біз математика пәнінің мұғалімдері тапшы дейміз. Қазіргі таңда облыста педагогикалық аймақтық университет дайындап жатқанмен де, әлі де жетіспей жатыр. Бізге математикадан жақсы мамандар керек болып жатыр. Өз ісін сүйетін Бибигүл Ербалықова – бір ғана мысал. Өмірін ұстаздыққа арнап талай шәкірт тәрбиелеген жандар туралы айта беруге болады. Облыста 430 мектеп болса, онда 16 мың мұғалім еңбек етеді. 12 мектеп түрлі пәндерді тереңдете оқытып, дарынды балалар тәрбиелейді. Өткен жылы 8 мұғалім республика бойынша үздік деп танылып, арнайы грантқа ие болса, биыл тағы 4 ұстаз өз ісінің білгірі атанды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Источник: www.24.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More