Биыл Қазақстанда 16 мың мұғалім біліктілігін арттыратындығын Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан 15 мың адам өткен. Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі: - Мұғалімдердің жалақысын ғана емес, біліктілігін де арттыруды көздеп отырмыз. Ұстаздардың дәрежесіне байланысты 30, 70 немесе 100% үстемақы қарастырылған. Біз 2020 жылға дейін мұғалімдердің басым бөлігін курстардан өткізуді жоспарлап қойдық. Курстарақшаны қажет етеді, сондықтан Парламентке бюджетті енгізе отырып, бізге сол қаржыны бөлуді сұраймыз. Оның көлемі 40 млрд. теңгеге жуықтайды.
Источник: www.24.kz