• 20 сент. 2014 г.

НАЗАРБАЕВ БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БОЛУДЫҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

Безымянный.png

Елбасы соңғы кезде ажырасулар жиі орын алып жатқандығына қынжылатынын білдіріп, жас шаңырақтарға асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді. Тіпті өмірдің мәні қызмет пен ақшада еместігін айтып ағынан жарылды деп хабарлайды КТК арнасы.

"Жас келген сайын бұл өмірді түсіне бастайсың. Сенің жетістігің, миллиард ақшаң, қызметің басты орында емес. Ең бастысы адамға керегі отбасы, балалары....", - деді президент.

Мемлекет басшысы жастарға "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қатысушыларынан үлгі алуға шақырды. Шоқтығы биік сайыста Түркістан қаласында тұратын Бимаханбетовтер жанұясы жеңімпаз атанды.

8 ұл-қыз тәрбиелеп 33 немере, 10 шөбере сүйіп отырған отағасы Елтай Бимағанбетұлы сыйлығын Елбасының қолынан алып қуаныштан жүрегі жарылардай болды.

"Аса қадірлі, мәртебеліелбасымыз, айналайын Нұрсұлтан Әбішұлы, 83 жасқа келгенде осындай жарысқа қатысып, сіздің қолыңыздан сый-сыяпат алу мен үшін үлкен қуаныш", - деді отағасы.

"Айтпайсыз ба, осындай көп бала асырасаң, 83 жаста мен сияқты боласың деп", - деп әдемі қалжыңдады бұған елбасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, үбірлі-шүбірлі жеңімпаз отбасыға 14 орындық шағын автобустың кілті табыс етілді.

http://www.ktk.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More