• 18 сент. 2014 г.

2014 жылдың жазғы кезеңінде Атырау облысындағы балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтырылуы

2014 жылдың жазғы кезеңінде Атырау облысында қала сыртындағы 4 облыстық лагерьде 3 698 бала демалды (бұл барлық баланың 4,03% пайызын құрайды).


130 мектеп жанындағы тамақпен қамтитын, 17 шипажай үлгісіндегі лагерьлерде 8 180 бала (8,9%), 591 тамақсыз, бейіндік, дебаттық 22 910 оқушы қамтылды (324,9%).

Лагерьлерде бірінші кезекте жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балалары, олимпиада жеңімпаздары және Ауған соғысы, Чернобыльдық ардагерлер балаларын қамтуға жағдай жасалды.

«Аджип Эни» компаниясының демеушілігімен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерінен, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларынан 40 бала Италияның Адриатико теңізінің жағасында орналасқан Чезенатико қаласында демалды.

Республикалық «Балдәурен», «Бөбек» лагерьлерінде оқушылардың демалысы жалғастырылды. Онда 98 бала (75 - «Балдәуренде», 23 - «Бөбекте») демалды.

Ата-аналар мен ірі компаниялардың демеушілігі есебінен 17 192 бала облыстан тыс жерлердегі тынығу және сауықтыру лагерінде демалды (18,7%).

Еңбекпен қамту шараларында: 38 еңбек, 243 көгалдандыру, 168 жөндеу жұмыстарына, жанұялық топтарға 20 546 оқушы еңбек етті.

Құқықбұзушылықпен есепте тұрған 177 оқушы барлық тынығу, еңбекпен қамту шараларымен қамтылды. Сондай-ақ, жылдағыдай Новосибирск жазғы физика-математика мектебінің жұмысы ұйымдастырылып, 180 оқушы демалып, сонда оқыды.

Биылғы жылы жазғы каникул кезеңінде балалар туризмін дамыту мақсатында «Шатырлық лагерьлердің» жобасы жүзеге асырылды. Жазда Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарында 389 жасөспірім қамтумен 9 шатырлық лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылды.

Тынығу және оқушылар денсаулығын нығайту лагерінің қызметімен барлық баланың 79,31% (2013 жылы – 79,4%), еңбекпен 22,4% (2013 жылы - 19,2%) қамтылды.

Жаз бойы жүргізілген шаралар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланып отырды.

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More