• 18 сент. 2014 г.

ЕЛОРДАДА ҰСТАЗДАР ТАПШЫ

Безымянный.png

Бүгінде арқаға көш түзеп, елордаға ағылған елдің қарасы қалың. Астанадағы адам саны жыл сайын 60 мыңға артып келеді. Бұл жайт білім беру саласына даәсерін тигізбей қоймайды. Оқу жылы басталысымен қалада ондаған жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Қайсы бірін алып қарасақ, «жаңа мектепте білімі зор, білігі жоғары, еңбек өтілі көп мұғалімдер жұмыс істейді» дегенді естиміз. Жалпы, елорда мектептеріне ұстаздар қайдан келеді және кадр тапшылығы білім беру сапасына қалай әсер етеді?

Бүгінгі таңда қаланың білім беру саласында мектепке дейінгі 73 мекеме мен жалпы білім беретін 84 мектеп жұмыс істейді. 103 мыңнан астам оқушыға ұзынсаны 12 мыңдай ұстаз дәріс береді. Ал педагогтарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, пәтермен қамтамасыз етудің арқасында мәселе біраз шешілгендей болғанмен, кадр жетіспеушілігі әлі де бар.

Жаңыл Қылышпаева, қалалық білім басқармасының персоналды басқару қызметінің басшысы:

- Қазіргі кезде мектептерде мұғалімдер толық қамтамасыз етілген. Орыс тілінде бастауыш сыныптар және информатика, математика мұғалімдері қажет. Егер осыдан 5 жыл бұрын әр мектеп орта есеппен 100-ге жуық баланы бірінші сыныпқа қабылдаса, бүгінде Астана тұрғындарының күрт көбеюіне байланысты бастауыш сынып оқушыларының саны екі есе көбейген.

Светлана Турик, № 30 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

- Биыл 9 бірінші сынып аштық. Әрине, бастауыш сынып мұғалімдері жетіспейді. Бір педагогқа 2 сыныптан беруге мәжбүрміз. Барлық ұстаздар екі ауысымда жұмыс істейді. Мұғалім тапшылығымен тартысып жатқанда түйіні тарқамаған түйткіл білім сапасына да салқынын тигізіп жатыр. Бүгінгі жастың бас қатырып, қатардағы қарапайым ұстаз болғысы келмейтіні жасырын емес. Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинағандар педагогикалық мамандыққа пысқырып та қарамайды, себебі ми ашытар мұғалімдікті қаламайды. Керісінше, тиісті межеге қолы жетпей, ең төменгі балл жиғандар ғана пединституттарға барады. Өйткені бұл жоғары оқу орындарында талапкерлерге қойылатын шарттар аса қатаң емес.

Светлана Турик, № 30 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

- Педагогикалық мамандықтарды мектепте үздік оқыған балалардың таңдамайтыны рас. Өкінішті, әрине. Біздің кезімізде керісінше еді. Бала кезімізден мұғалім болуды армандап, бар ниетімізбен оқитынбыз. Ұзтаз болу әр баланың арманы еді. Ұстазды ұлық тұтпай, ұлттың болашағын ұмыт қалдырған ұрпақтың пікірі осыған саяды. Әлде бүгінгі жас буын ұлы Абайдың «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұғымын қағажу қалдыра бастады ма екен?!

Авторлары: Мөлдір Доспаева, Жандос Битабаров

www.24.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More