2014 жылдың 11-12 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысының облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты көрме-байқауы өткізілді.
Іс-шара мақсаты - оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының инновациялық дамуын ынталандыру, жобалық, зерттеушілік, конструкторлық және өнертапқыштық іс-әрекетінде құзыреттілік деңгейін көтеру, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, шығармашылық мүмкіндігі, мотивациясы бар дарынды балаларды анықтау және қолдау.
Көрмеге Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Тасқала, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының ЖОББМ-і мен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан 65 оқушы қатысты. Көрме-байқау жұмысы барысында 19 ғылыми-техникалық және табиғи-ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстары «Автоматика, телемеханика, радиотехника және интеллектуалдық жүйе», «Жасыл» энергетика, қуат тиімділігі және қуат үнемділігі», «Биотехнология және биожүйе», «Экология және табиғаттың тиімді қолданылуы», «Ғарыштық технологиялар және телебайланыс», «Әуе ғарыштық техника, әуеде ұшу және ғарышкерлік», «Радиотехника, электроника және телемеханика», «Спорттық-техникалық модельдеу», «Робототехника және ақпараттық технологиялар», «Өнертапқыштық жоба «Бізді таңдандыр!» номинациялары бойынша сараланды.