Павлодар қаласының № 2 балалар көркем сурет мектебінің оқушылары Японияда XXXXIV халықаралық балалар көркем сурет шығармашылығының жеңімпаздары атанды. Конкурсқа балалар әлемнің әр түкпірінен қатысты, сурет мектебі конкурсқа шамамен 30 жұмыс ұсынды. Оқушыларымыздың табыстары халқымыздың салт-дәстүрлері, мектеп өмірінен композициялар, туған өлкені суреттеу бойынша әр түрлі әдемі, көркем жұмыстар ұсынылғандығымен түсіндіріледі.
Жас павлодарлық суретшілер еліміздің даңқын аспанға бір-ақ шығарды. № 5 мектеп оқушысы Виталина Илькаева алтын медальға ие болды және оның «Птица» жұмысы конкурстың үздік балалар суреттерінің кітабына енді. Мектеп оқушылары алтынмен, екі күміс және бір қола медальмен марапатталды. Екі оқушы конкурстың лауреаттар грамотасын алды. Бүгінгі күні мектеп Жапонияның Канагава қаласында өтетін XVIII халықаралық конкурсқа қатысу үшін шақыру алды.
