• 12 сент. 2014 г.

ЕЛ ХАЛҚЫНЫҢ 96 %-ҒА ЖУЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ОҢ БАҒАЛАЙДЫ

Безымянный.png

Ел халқының 96%-ға жуығы бүгінгі таңда мемлекеттегі этносаралық жағдайды оң бағалайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов осындай дерек келтірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ассамблеяның осы жылдардағы басты жетістігіне еліміздің тұрақты дамуы қамтамасыз етілгенін жатқызуға болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген адамдар, оның ішінде халықаралық сарапшылар еліміздің тұрақты дами алатынына күмәнмен қарады. Олар Қазақстан этносаралық, дінаралық даулардың ошағы дегенді алға тартқан еді. Қазақстан осы уақытта елімізде мұндай жағдайдың мүмкін еместігін дәлелдей алды. Қазақстанның полиэтникалық құрамы проблемаға айналмады», - деді Е. Тоғжанов.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары бірқатар нақты сандарды алға тартты. Бүгінгі күні еліміздегі этносаралық жағдайды азаматтардың 95,9 пайызы оң бағалайды екен. Ел азаматтарының 94,5 пайызы өздерін Қазақстан халқының толыққанды өкілі ретінде сезінеді. Этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты ел халқының 96 пайызы қолдайды.

«Бұл деректер наурыз айында жүргізіген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі», - деп қосты ол.

Е. Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының осы уақытта жалпыазаматтық, конституциялық органға айналғанына ерекше тоқталды.

Тілші: Айымгүл Әбілева

www.bnews.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More