Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде мектеп оқушыларына арналған жаңа экологиялық оқулық таныстырылды. Ол 12 жылдық білім ошақтарының 12-сыныптарында сынақтан өткізілмек. Жаңа кітапты таныстырған мамандардың айтуынша, экология тақырыбы өзекті болып отырған заманда бұл оқулық қоршаған ортаны қорғауға баулитын бірегей құрал болады.
www.24.kz