• 8 сент. 2014 г.

ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ-2014» ЖОБАЛАРЫ ІРІКТЕЛДІ

Безымянный.png

«Жастар кадрлық резерві-2014» байқауының үшінші кезеңінде 80 жоба иесі тыңдалып, үздіктері сараланды. Бұл туралы бүгін «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы әрі комиссия мүшесі Нұрлан Сыдықов хабарлады.

Биыл байқауға қатысуға 3 мыңнан астам жас өтініш беріп, олардың 641-іаймақтық іріктеуден өткен болатын. Арнайы комиссияның тыңдауынан кейін, шешуші кезеңге тек 80 жоба иесі жолдама алды.

Ал, бір аптадан кейін үздік деп танылған 32 жоба авторларының есімдері жария етіледі. Байқаудың басты мақсаты – жалынды жастардың ел экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға негіз болатын тың идеяларын қолданысқа енгізу. Сондай-ақ олардың кәсіби біліктілігін арттырып, министрліктер мен ұлттық компанияларда өндірістік тәжірибеден өтулеріне және болашақта сонда жұмыс жасауларына мүмкіндік беру. Жобалардың тақырыбы әрқилы.

Сандуғаш Қартаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты:

- Менің ұсынғалы отырған жобамның аты – студенттік телевизиялық продюсерлік орталық. Неге бұл тақырыпты таңдадым? Себебі біздің Қазақстанда студенттік телевизиялық жобалар жоқтың қасы десек болады. Ал студенттердің мұны жасайтын потенциялы жеткілікті, сондықтан неліктен оны дамытпасқа. Әрбір студент өзінің өнімі арқылы тәжірибеден өтетін болса, басқа жақтан тәжірибеден өткеннен әлдеқайда пайдалы деп ойлаймын.

Нұрлан Сыдықов, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі:

- Ең басты қызықтырғаны, бүгінгі күні балабақшалардың жетіспеушілігіне байланысты нақты халықаралық тәжірибені ескере отырып, жоба ұсынып отыр. Бұдан бөлек, біздің ескерткіштерімізді, оның ішінде Маңғыстау облысындағы геологиялық ескерткіштерді дәріптеу үшін нақты ұсыныстар болып отыр. Міне осындай жобалар жүзеге асса, ең бірінші әлеуметтік маңызы бар, бұған қоса экономикалық маңызы бар жобалар деп есептейміз.

http://www.khabar.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Сіз анимация жасап көрдіңіз бе?

ТӘУЕЛСІЗДІК – БІЗДІҢ БҮГІНІМІЗ БЕН БОЛАШАҒЫМЫЗ

19 ақпан - Бүкіләлемдік кит күні

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More