Астанада тілдер мерекесіне орай, XVI дәстүрлі түрлі тақырыптар аясында фестиваль өткізіледі. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов хабардар етті.
Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді ұлықтау, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың тіліне назар аудару, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ербол Тілешов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
- Астана қаласындағы көше атауларының 93 %-ы, Алматы қаласындағы көшелердің шамамен 20 %-ы, Шымкент қаласының көшелерінің 70-75 %-ы қазақ тілінде екендігі белгілі. Осының барлығы атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Фестиваль аясында 19 қыркүйекке дейін түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл тұрғыда «Үздік жарнама» байқауы, «Отан отбасынан басталады» мерекелік іс-шарасы, Қазақстан жазушылар одағының мерейтойына арналған жас ақындар мүшәйрасы, сондай-ақ Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш, «Кемел тілдің келешегі» атты жастар акциясы, «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өтеді.
Источник: www.24.kz