Автошеру Жеңістің 70 жылдығына арналады. Патриоттық шараға мемлекеттік органдардың, Қорғаныс министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен ардагерлер және интернационалист-жауынгерлер қатысады.
Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы:
- Ұлы Отан соғысында да біздің аталарымыз, ағаларымыз, аналарымыз өзінің патриоттығын, Отанды қалай сүю керектігін, Қазақ елінің батырлығын көрсетті. Мәңгілік ел – болашағын ойлайтын ел. Ол - жастарды Отанды қалай сүю, қаһармандық жолына қалай баруды осы жастарға үйрету.
http://www.khabar.kz