Шығыс Қазақстанда 6 оқу ошағының тұсауы кесілді. Атап айтсақ, Ұлан, Тарбағатай ауданында оқушылар бүгін жаңа мектеп табалдырығын аттады. Облыс бойынша 1-сыныпқа 22213 бала барды. Бұл былтырға қарағанда 2670 оқушыға көп. 9 мыңнан аса оқушы 11-сыныпқа өтті.
Бекзат Құмарқызы, 1-сынып жетекшісі:
- Ерекше толқу үстіндемін. Мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Бірінші сыныпта мұғалім қолына сеніп тапсырғаннан кейін, сол сенімді ақтау – әр мұғалімнің борышы.
Еркеназ Берікқызы, 1-сынып оқушысы:
- Мен бірінші сыныпқа келдім. Тек беске оқимын. Өте қуаныштымын.
http://www.24.kz/