Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 22 мектеп ашылды. Білім ұяларының басым бөлігі шалғай ауылдардағы апатты мектептердің мәселесін шешпек. Жыл соңына дейін тағы жаңа 20 білім ордасы ел игілігіне берілуі тиіс. Амантай ақсақал ауылынан жаңа мектептің ашылғанына балаша қуанды. Өйткені қарияның бар ғұмыры осы білім ұясымен астасып жатыр. Қаратау бөктеріндегі шағын ғана Кеңсай ауылында білім алды, еңбек жолын да осы мектептен бастап, 48 жыл бала тәрбиеледі. Зейнеткерлікке шықса да, жас мамандарға білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісіп отырады. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған жаңа білім ұясын аралап көрген қарт ұстазтаңданысын жасырмады.
Амантай Оразалы, Кеңсай ауылының тұрғыны:
- Ол кезде физика болмаса, математикадан көрнекі құралдар мүлдем болмайтын. Аленді қазіргі жағдайда тіптен дұрыс. Жаңа мектебімізге қазір кірсеңіз, 18 компьютер бар. Ең шеттегі ауылға осындай мектеп соғып, аурухана соғып, жағдай жасағаны үшін мемлекетімізге көптен-көп рахмет.
Нұрила Оразбек, мектеп оқушысы:
- Ескі мектебімізде барлығымыз бірдей компьютерге отыра алмайтынбыз. Кезекпен отыраушы едік. Ал қазіргі кезде барлығымызда жеке-жеке компьютер және ұстаздармен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Wi-Fi жүйесі бойынша жұмыс істейді екенбіз. Танысып, қуанып жатырмыз. Кеңсай ауылы облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Жамбыл облысымен шектесіп жатыр. Байырғы ұстаз бір кездері жастар жұмыс іздеп қалаға кетіп, кемпір-шал қаңырағаншаңырақта жалғыз қалғандай болып едік. Қазір ауылдағы жағдай түзеліп келеді дейді қария. Жаңа ғимарат бала санына қарай ықшамдалған. Мұндағы шағын орталық мектепке дейінгі тәрбие мәселесін шешеді. Ал спорт және акт залдары ауыл тұрғындарына да қоса қызмет жасайды.
Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары:
- 48 мектеп апатты болып танылған. Оны өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, арнайы іс-шара жасалды.2016 жылға дейін мәселені толық шешужағын қарастырдық. Бүгінгі таңда 48 мектептің 32-сінде толық құрылыс жүргізіліп жатыр. Әкімдіктегілер апатты мектептердің қалаған бес пайызын алдағы жылдары толық шешетіндігін алға тартты. Жыл соңына дейін өңірде жалпы 42 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған/
Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Нұрмахан Мұсатов
www.24.kz