• 29 авг. 2014 г.

МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ

4.jpg
Астанадағы оннан астам мектептің оқушылары алғашқы қоңырауға бара алмайды. Мектеп формалары жоқ. Даурыққан ата-аналар не істерін білмей дал. Себебі қажетті киім-кешектер қыркүйектің ортасында келеді. Жауапты компания жағдайды тапсырыстың тым көптігімен түсіндіруде. Жұрттың жарыса жанжалдасып жатқаны – жапырақтай талонның жайы. Мұндай қағазың болмаса, киім-кешек бұйырмайды. Ал талон қолға тию үшін күні бойы кезекте тұру қажет. Ашынған ата-аналар апта бойы сандалып жүргендерін айтуда. Ал қала мектептері форманы тек белгілі бір жерден ғана алуы тиіс.

Ал бағасы 13 мыңнан 16 мың теңге арасында құбылады. Базарларда арзанырақ, бірақ одан сатып алуға рұқсат жоқ. Бұл ата-аналардың аяқасты шу шығаруына себеп болуда. Жағдайды естіп жедел жеткен жауапты компанияның жетекшісі тапсырыс тым көп деп түсіндіруге тырысты. Сондықтан қолда барын ғана таратып жатқан көрінеді.

Әскер Башеев, мектеп формасын сатушы компанияның жетекшісі

- Бірінің өлшемі келеді, екіншісінікі келмейді. Жұрттың осыған шулап жатыр. Біреуге жетті, біреуге жетпеді. Бірақ біз барлық мектепке бір комплектіден беріп жатырмыз. Ал жейдені олар қарашада ғана киеді. Оны біз бөліп алдық. Себебі барлығын жасағанша, біраз уақыт кетеді. Бұл компания 17 мектепті бірыңғай формамен қамтамасыз ету үшін тендерді ұтып алған. Киімді Түркияда тіктіреді. Айтуынша, онда әлдеқайда сапалы. Құнының қымбаттығы да осыдан. Бірақ ата-аналар оның сапасына күмәнмен қарайды.

Самал Жылқайдарова, ата-ана:

- Бүгін белдемшесін ғана алдым. Оның өзін әзер тауып берді. Бұл жерге төрт күн келіп жүрмін. Ал үсті жоқ. Сапасы нашар. Мұндайды өзім де тіге аламын. Ал сауда орталығын айналшықтап жүрген ата-аналар ақысының бір-бөлігін алдын ала беріп қойғандарын айтады. Тапсырыс келісім бойынша оқу маусымы басталмай тұрып орындалу тиіс. Енді компания басшылары бір ай бойы үлгермеген жұмысын бас-аяғы екі күнде аяқтап, барлық оқушыны киім-кешекпен қамтымақ.

Авторлары: Аслан Қаженов, Дәурен Жұрқабаев

www.24.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

№47 мектеп гимназиясының «Шаңырақ» пікірсайыс клубымен тәжірибе алмасу өтті

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу

Алматы облысында өнер мектебі ашылады

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2021 ж.

РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары
РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

30.png

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More