Балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» Республикалық форумы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2014 жылғы 3-7 қараша аралығында Астана қаласында балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша "Мамандықтар әлеміне жол ашамыз" атты Республикалық форумын өткізеді. Байқау жеңімпаздары тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталады. Әр номинация бойынша 3 жеңімпаз (1, 2, 3 орындар) анықталады. Қатысушылардың барлығына сертификаттар тапсырылады.