top of page

1 маусым балаларды қорғау күніне орай спорттық бағдарлаудан «Азимут - 2022» облыстық жарысы


Облыстық жарыс 2022 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы саябағында өткізілді.

Жарыстың ұйымдастырушылары: Ақтөбе облысының білім басқармасы, «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК.

Жарыстың мақсаты:

Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында спорттық бағдарлауға қызығушылықтарын арттыру, спорттық картамен жұмысты меңгеру, қатысушылар арасында ең мықтыны анықтау болып табылады.

Жарысқа облыстың, қаланың мектептен тыс қосымша білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Олар: Қарғалы, Хромтау, Мартук аудандарының және қаламыздың 60, 65, AIS, 24, 46, 45, 75, 14 мектептері, Қалалық жас туристер стансасы. Қатысушылар саны: 89 оқушы. Жарыс – жеке түрде, ер балалар мен қыздар арасында өткізілді. Ұлдар арасындағы 2010-2011(M12), 2008-2009(M14), 2006-2007(M16), 2004-2005(M18) және қыздар арасындағы 2010-2011(W12), 2008-2009(W14), 2006-2007(W16), 2004-2005(W18) қатысушылар жылдамдыққа бақылау нүктелерін тапты. Бұл жарыс жеке дистанция бойынша өткізілді. Қатысушылардың басты мақсаты, бақылау нүктелерін тез арада тауып, компостермен белгілеп, мәреге оралу болды.

Жарыс жоспарланған уақытта басталып, сәтті аяқталды. Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының мадақтама қағаздарымен және қалалық жас туристер стансасының медальдарымен марапатталды.


Орын алған оқушылар тізімі:


Қыздар арасында:

W-12 І орын – Утегалиева Айнұр

ІІ орын – Салимгореева Айым

ІІІ орын – Лысова Арина

W-14 І орын – Бижан Адина

ІІ орын – Шанова Алия

ІІІ орын – Сарсенбаева Шахназ

W-16 І орын – Қонарбай Ділдә

ІІ орын - Новикова Авигея

ІІІ орын – Дулатова Биназер

W-18 І орын – Ахметова Жанерке

ІІ орын – Өткембаева Нұрсауле

ІІІ орын – Салимгореева Азиза

Ұлдар арасында

М-12 І орын – Қабылгалимов Айдын

ІІ орын – Султанулы Абдуазиз

ІІІ орын – Русланулы Елхан

М-14 І орын – Адайбек Исатай

ІІ орын – Кайров Амирлан

ІІІ орын – Хайрулла Дамир

М-16 І орын – Сәлім Арсен

ІІ орын Садыков Бейбарыс

ІІІ орын – Кеңесов Ерхан

М-18 І орын – Бижанов Диас

ІІ орын – Самигуллаев Еламан

ІІІ орын – Амангелдиев Қайыржан



Comments


bottom of page