top of page

Өскемендік оқушы картоп өсіру үшін экологиялық таза тыңайтқыш жасап шығарды

Өскемен қаласында оқушылар арасында ғылым фестивалі өтті. Үш күн бойы балалар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жобалар тақырыбы әр түрлі болды. Оқушылар тарих, тіл, жаратылыстану, математика сияқты бағыттарды зерделеген. Арасында бұрын-соңды зерттелмеген, тың тақырыптар да бар. Мәселен, 9 сынып оқушысы Фархат Солтанбеков «Күнбағыс тұқымының қауызынан фитомеланин пигментін алу» тақырыбында тәжірибе жүргізіп, оң нәтижеге қол жеткізген. «Осы жобамен бір жыл көлемінде айналысып келемін. Тұқымның қабығы ультрадыбыстық аймақтың көмегімен өзгертілді. Пигментті феомеланин алдық, енді оны косметология мақсатында қолдануға болады. Яғни, осы арқылы емдік және косметикалық кремдер жасауға мүмкіндік бар», - деді Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында оқитын Фархат Солтанбеков. Табиғатты, жануарлар мен жәндіктерді зерттеу үшін дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп оқушысы Виктор Федоров «Жануарлар әлемі» 3D кітабының мобильді қосымшасын әзірледі.



Comments


bottom of page