Спабекова Рымкул Ахметжановна, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Қарқаралы қаласының балалар өнер мектебі» КМҚК, директоры Мақаланың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.ziyatker.org/zhurnalkosymshabilim
«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлтымыздың озық дәстүрлерін рухани жаңғырудың табысты алғы шарттарына айналдыруымызды атап көрсеткен. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтай отыра, туған халқымыздың бәсекелестікке қабілетін арттыру, тілімізбен өнерімізді, ғылымымызбен әдебиетімізді байыту, кеңінен насихаттау. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдарының, оның ішінде музыка, өнер мектептерінің атқарар жұмыстары ұшан-теңіз. «Адамның рухани жаңғыруы алдымен өзіне, өзінің армандарына құрметпен қараудан басталады. Өзіне құрметпен қараған әрбір адам өз елін, өз жерін құрметтейді. Елін, жерін, өнерін құрметтеген әр азамат – мемлекет патриоты болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген болатын. «Қарқаралы қаласының балалар өнер мектебі» КМҚК қосымша білім беру педагогтері қасиетті мекен, небір дүлдүлдер, дарындылар шыққан орда Қарқаралыны насхаттауда нәтижелі жұмыс көрсетіп келеді. Қарқаралы әсем табиғатымен, тарихын кеңге жайған сырымен әлемге әйгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабында «Қазақтың қасиетті жері – біздің асқақ рухымыз, баға жетпес байлығымыз, мәңгілік мұрамыз» деген. Қарқаралы қаласының Балалар өнер мектебінде қосымша білім алушы жасөспірімдер Қарқаралыдан шыққан ірі тұлғаларымен мақтанады, әрі үлгі тұтады. Өнер мектебінде оқушыларға жалпы эстетикалық және кәсіби бағыттағы білім беріледі.
Comments