top of page

«Өнерлі жас - өңір мақтанышы» дарынды балалардың қалалық слеті

Шығармашыл жастарды белсенді демалысқа тарту, денсаулықты нығайтуды жан-жақты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 13 мамырда «Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК Балалар жылы аясында дарынды балалардың «Өнерлі жас -өңір мақтанышы» қалалық слеті өтті.

Слетке 4 номинация бойынша қала мектептерінің 9 командасы қатысты:

1 номинация – «Өзің туралы мәлімде» ұрандар конкурсы.

2 номинация – «Туған өлкем туралы айтып беремін» ән байқауы.

3 номиация – «Танцуй, танцуй!».

Бұл номинацияда қатысушылар би техникасын меңгеру деңгейі, ырғақты үлгі, орындалатын би нөмірінде көркем бейнені бейнелеу бойынша жарысты.

4 номинация – «Мен сіздермен өлеңмен сөйлеймін» әдеби-музыкалық шығармалар, поэмалар мен театрландырылған қойылымдар байқауы.

Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. 1 орын алған Команда маусым айында Бектау Ата шатқалында орналасқан «Алау» лагерінде өтетін облыстық слетке қатысады.



Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page