Нұр-сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қаңтарында өзін-өзі тану педагогтарына арналған «Біртұтас педагогикалық үдерістегі жалпыадамзаттық құндылықтар» атты республикалық курстан кейінгі онлайн-семинар өтті.
Семинарға Нұр-сұлтан қаласы, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарда «Біртұтас педагогикалық үдерістегі жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбымен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының білім беру бағдарламалары бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анжелика Александровна Қарабұтова сөз сөйледі.
Семинар педагогтердің біліктілігін арттырудың ұзақ курстарынан өту қорытындысы бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу шеңберінде өтті, онда спикерлер курста алған білімдерімен және оларды өз тәжірибесінде қолданумен бөлісті. Іс-шара барысында педагогтер «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызды және өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Семинарға қатысушылардың рефлексиясы өзін-өзі тану сабақтарын жаңа форматта өткізу үшін алынған практикалық тәжірибенің маңыздылығын көрсетті.
https://www.facebook.com/centrmodernastana/posts/1814140062096659
Comments