top of page

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ТӨМЕНГІ ШЫРШЫҚ АУДАНЫНДА ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ


Енді ондағы қаракөз қандастар ұлттық аспапта ойнауды тегін үйренуге мүмкіндік алды.

Игі бастама "Отандастар" қорының қолдауымен іске асып отыр. Әлемнің бірнеше мемлекетінде қазақ жастарын спорттық ойындар мен өнерге баулу ісі қолға алынды.

Ташкент облысына қарасты Төменгі Шыршық ауданы негізінен мақта шаруашылығымен айналысады. Қырсадақ – соның ең шеткі ауылдарының бірі. Мұнда жүзден астам бала оқитын шағын мектеп бар. Білім ошағы жанынан үйірме ашылғалы оқушылардың бір тобы домбыра шертіп, ән айта бастаған.

Әйгерім Әселбекова, үйірмеге қатысушы:

- Менің өнерімді көріп, басқалар қызықты. Мен де қызымды берсем бе деп, ағайды сұрап, ақырын-ақырын қатысты. Ағайымызға алғысымыз үлкен. Мұндай нәрсені ешкім үйретпейтін. Келешекте ұстаз болғым келеді. Сосын өнерімді жалғастырғым келеді.

Үйірме жұмысын жергілікті өнерпаз Оразәлі Жүнісбаев қолға алды. «Отандастар» қоры оған ай сайын жалақы төлейді. Ал балғындарды ұлттық киім және аспаппен қамту ата-аналарға тапсырылған. Мектеп жасынан домбыраға әуестенгендердің кейбірі келешекте өнер жолын таңдауы мүмкін.

Бибігүл Құралбаева, Қырсадақ ауылының тұрғыны:

- Ораз ағай үкілі домбыра үйірмесін ашып, осыншалықты дәрежеге жеткізді. Қазақтың дәстүрін естен шығармай, балалар аз ғана уақыттың ішінде осыншалықты дәрежеге жетті. Ағайларға рақмет.

Самат Орынбаев, мектеп директоры:

- Жар-жар деген әжелер ансамбліміз бар. ­Өлеңдеріміз қазақша. Ауылымызда адамдар толық қазақша сөйлейді. Балаларымыз жоғары оқу орнына түсіп жатыр. Өзбекстанға және Қазақстанға. Қазақ тілінде тапсырып жатыр.

Домбыра сабағына әзірге 17 оқушы қатысып жүр. Оның 16-сы - қыз бала.

Оразәлі Жүнісбаев, домбыра үйірмесінің жетекшісі:

- Мен келешекте бұл балаларды Қазақстанға фестивальға апаратын ойым бар. Ата-аналарына рақмет, маған сеніп тапсырғанына. Мақсат – қазақтың қара домбырасын үйрету, қазақтың өнерін, салт-дәстүрін жоғалтпау.

Шет елдегі қандастарымыз ұлттық болмысы мен құндылығынан алыстамайды. Оны осындай өнер курстарды насихаттау арықыл бала кезден бойға сіңіру жалғаса бермек.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page