top of page

ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙДА «ПАЛЕОНТОЛОГИЯ» КӨРМЕ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ


Елдегі Ұлттық мұражайда «Палеонтология» көрме залы ашылды.

Салтанатты жиынға Мәдениет және спорт министрі мен мұражай басшылары қатысты. Мұнда көне замандағы жануарлар әлемінің байлығымен танысып, олардың даму эволюциясын көруге болады. Көрмеде үлкен мүйізді бұғы, тираннозавр, мамонт секілді жануарлар мен Қазақстан аумағынан табылған басқа да тіршілік иелерінің қаңқалары қойылған. Жалпы саны 263 экспонат қойылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы шеңберінде «Қолөнершілер орталығы» да орын тепкен. Орталық отандық қолөнерді қолдауға бағытталған.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Динозаврлар кезінен келе жатқан осы Ұлы Дала бойында қандай тірліктер болды, қандай мәдениет болды, салт-дәстүрлері болды, соны паш етеміз.Өзіміздің академиктер 30 жылда жинаған еңбектерің архиология арқылы осы залда паш етіп жатыр. Бұл өте қызықты ,заманауи және де балалар қызағады деген форматпен жасалып жатқан қадамдар.

«Дөңгеленген дүние : қазақ дала өркениетінің мәдени коды». 2026 жылы осы тақырыпта Лувр мұражайының павильондарына, ұлттық құндылығымыздан сыр шертетін көрме ұйымдастырылмақ. Шараға әзірлік барысы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов облыс әкімдері орынбасарлары мен отандық мұражай басшыларының қатысуымен республикалық кеңесте пысықтады.



Comments


bottom of page