top of page

ҮШТӨБЕДЕ СУРЕТШІЛЕР ЖИНАЛЫП, ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КӨРМЕ ӨТКІЗДІ

Жақында Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында бір топ суретшілер бас қосып, «Суретшілер жемқорлыққа қарсы» тақырыбымен көрме өткізді. Көрмені Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Үштөбе қаласындағы балалар шығармашылығы орталығының ұстазы Айнолла Абылханов ұйымдастырды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Айнолла Қасенұлының зейнет жасына толуына байланысты ұйымдастырылған көрмеге ҚР Көркем академиясының вице-президенті, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері Ермұхан Жүнісхан мен ЖМУ оқытушысы, профессор Жақан Баринбеков, ҚР Көркем академиясының корреспондент-мүшесі Айдар Асқаров, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Советхан Қазиев, Марат Төтеев және белгілі мүсінші Ахат Манапов қатысты. Қылқаламнан шыққан «Жемқорсыз ел», «Нет коррупции», «Тамырына балта шабамыз», «Тоқта, жемқорлық», секілді туындылардан көрермендер ерекше әсер алды.

Көрме карантин режимін сақтай отырып шағын адамдар тобымен өткізілді. Шара соңында Қаратал өңіріне танымал суретші Айнолла Абылхановқа ҚР Суретшілер одағының «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» және ҚР Көркемсурет институтының 50 жылдық мерейтойлық медалі табыс етілді. Жамбыл ауданынан арнайы келген суретшілер Ахат Манапов пен Марат Төтеев ақындар мен батырлар елінің атынан Айнолла Қасенұлының иығына шапан жауып, халық ақыны Ү.Кәрібаевтің 3 томдық өлеңдер жинағын сыйға тартты. Алакөл ауданынан келген суретші әрі ақын Советхан Қазиев өнер иесіне жалынды жырларын оқып берді.

Мазмұнды шарадан қайтқан суретшілер болашақта жемқорлыққа қарсы плакаттар көрмесін облыстың барлық аудандарында өткізуді ұйғарды.

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page