top of page

Үйірме мен секциялар ашылып-жабылғанда хабарлап отыруға міндетті болады



Елдегі қосымша білім беру ұйымдарына білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлау міндеті жүктеледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.

Бүгін Мәжілісте Оқу-ағарту вице-министрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Заң жобасы аясында балаларға қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарлама жасау тәртібін енгізу қарастырылған. Бүгінгі күні мектептер және техникалық- кәсіптік білім беру деңгейлері лицензияланады, ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында хабарландыру тәртібі енгізілген. Енді қосымша білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлау міндеті жүктеледі», — деді вице-министр Мәжілісте.

Оның айтуынша, қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарлама жасау тәрбітін енгізу балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тегін үйірмелер мен секциялардың болуын қамтамасыз етеді, балаларды жалпы қамтуды арттырады, қосымша білім беру қызметінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Еділ Оспан балаларды асырап алатын кәсіби отбасы институты енгізілетінін айтқан еді.

Асырап алушы ата-аналардың жасы 30-53 аралығында болады.

Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы мәртебесін алуға үміткер отбасылар психологиялық даярлықтан және қамқоршылық және қорғаншылық органдарда аккредиттеуден өтеді.

Дереккөзі:https://kaz.inform.kz/news/uyrme-men-sektsiyalar-ashilip-zhabilganda-habarlap-otiruga-mndett-boladi-d88f72/



Comments


bottom of page