Шер Раиса Петровна жақында ғана ағымдағы жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасында 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілгенін, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы берілгенін айтты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қандай жолмен қол жеткізуге болатынын, мемлекеттің алдында қандай стратегиялық мақсаттар мен міндеттер тұрғанын айтып берді. Адалдық, ашықтық, парасаттылық сияқты қарапайым, бірақ өте маңызды адами құндылықтарға тоқталды. Қорытындылай келе, директор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әрбір азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті. Әрбір адам адал еңбек әл-ауқат пен табыстың кепілі екенін түсінуі маңызды.
top of page
bottom of page
ความคิดเห็น