top of page

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ МЕН ҚР ОАМ РҚББОӘО АРАСЫНДА ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Обновлено: 30 нояб. 2023 г.

2023 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы арасында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Жарылқасынұлы Үмбетов атынан ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Бұл маңызды стратегиялық одақ жасөспірімдердің бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

2023 жылы «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына 20 жыл толады. Бұл патриоттық қозғалысқа республиканың 59 мектебі мен 3 колледжінің білім алушылары тартылды.

Бүгінгі таңда 2044 балаға арналған 108 сыныпта сабақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицерлері жүргізеді.

ҚР ОАМ РҚББОӘО мен ҚР Ұлттық ұланы серіктестігінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысы, педагогтер мен мамандар, әскери-патриоттық клуб басшылары үшін іс-шараларды, вебинарларды, шеберлік сыныптарын, біліктілікті арттыру курстарын бірлесіп өткізу, тәжірибе алмасу болады.

Осындай тығыз ынтымақтастық осы маңызды Одақтың барлық қатысушыларына пайдалы болатынына сенімдіміз!

Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Comentários


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page