top of page

ҚР Тәуелсіздігінің30 жылдығы аясында оқушылардың облыстықVI облыстық жас геологтардың слеті

Білім басқармасының 15.06.2021 жылғы №421 бұйрығына сәйкес Қазақстанның геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін сақтау және дамыту, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында қашықтық форматта 2021 жылдың 25-26 маусым аралығында VI облыстық жас геологтардың слеті өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстандық геологиялық ғылым мен практиканың үздік дәстүрлерін сақтау және көбейту, геологиялық өлкетануды дамыту.

Облыстық кезеніңе БҚО аудандарынан және Орал қаласынан 14-16 жас аралығындағы 3 адамнан тұратын командалар қатысты.

Слет үш кезеңнен өткізілді:

1 кезең – «Геологиялық ескерткіш» (платформа Facebook). Кез келген геологиялық ескерткіш туралы бейнероликтер конкурсы (1 нысан) – біздің планетамыздың шығу тарихын көрнекі түрде зерттеуге болатын геологиялық құрылыммен және әртүрлі геологиялық процестермен байланысты табиғи түзілімдер.

2 кезең – «Минералогия, палеонтология және жалпы геология» (платформы ZOOM, Google Docs). Бұл кезең ZOOM платформасына бір мезгілде қосыла отырып, Google Docs платформасында өтеді және электрондық түрде геология бойынша 30 тест сұрағын шешуді қамтиды. Әр командадан 1 қатысушы қатысады. Командалар тапсырмаларға кезектілік тәртібімен жауап береді (жеребе нәтижесі бойынша – жеребе тастау.

3 кезең – «Геологиялық экспедиция бойынша есеп» (қашықтан). Кез келген геологиялық ескерткіш туралы бейнероликтер конкурсы (1 нысан) – біздің планетамыздың шығу тарихын көрнекі түрде зерттеуге болатын геологиялық құрылыммен және әртүрлі геологиялық процестермен байланысты табиғи түзілімдер. Геологиялық ескерткіштер ретінде:

1.Стратотиптік және тірек қималары;

2. Пайдалы қазбалар кен орындарының эталондық учаскелері;

3. Өсімдіктер мен жануарлардың қазба қалдықтарының типтік немесе бірегей кешендерінің орналасқан жері;

4. Бірегей геологиялық объектілер-өте шектеулі мөлшерде белгілі эндемикалық, сирек кездесетін және аса құнды қазба өсімдіктерінің (жануарлардың) сирек кездесетін минералдарының, тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың қалдықтарын табу орындары;

5. Қарқынды антропогендік әсер ету жағдайында жақсы сақталған геологиялық объектілер;

6. Осы жергілікті жер үшін типтік немесе бірегей геологиялық процестердің неғұрлым толық және көрнекі көрінетін орындары (учаскелері).


Жалпыкомандалық есеп бойынша:

1 орын - Бәйтерек ауданының жас туристер станциясы;

2 орын - Ақжайық ауданы балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы;

3 орын - Шыңғырлау ауданы балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы.


Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.






Komentarze


bottom of page