Білім басқармасының жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 22 – 23 маусым күндері облыстық «Жайық алаңы» зерттеу марафоны қашықтан өткізілді.
Марафонның мақсаты: білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту, өзінің ауылын, қаласының көше тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін ұрпақ өсіру.
Марафонға облыс аумағындағы білім беру мекемелерінің (аудандық, қалалық) жеңімпаз оқушылары қатысады. Жас мөлшері: 7 – 9 жас, 10 – 12 жас, 13 – 15 жас.
Ереже бойынша қатысушылар өз өлкесіндегі көшелер туралы ақпараттарды жинақтайды. Қатысушы марафонға шыққан сәтін және толық түсірілген жұмысты 3 минуттық бейне түсірілімге сапалы түрде дайындап, жіберуі тиіс. Жүгіру уақытындағы үзіндісін бейнежазбада көрсету және зерттелген нысан туралы баяндау. Жүру жолының сызбасын Google картаға безендіріп түсіру. Картада: зерттелген нысан, масштабы, ұзындығы, бағыты көрсетілуі тиіс.
«Жайық алаңы» марафоны үш жас ерекшелігі бойынша өткізілді.
Жалпы командалық есеп бойынша:
1 орын – Теректі ауданы;
2 орын – Бәйтерек ауданы;
3 орын – Шыңғырлау ауданы.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.
Comments