top of page

«Қос Аңыз Кубогі» атты дебаттық турнирі

2023 жылдың 30 қыркүйегінде «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ базасында Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы білім беру ұйымдарының басшылары мен жас педагогтар арасында Мұғалімдер күніне арналған «Қос Аңыз Кубогі» атты дебаттық турнирін өткізді. Оған облыстың білім беру ұйымдарының 24 басшысы және 24 жас педагогы қатысты. Мақсаты: қатысушылардың көшбасшылық қасиеттерін, азаматтық көзқарастарын дамыту, оларды өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарды талқылауға тарту, педагогтарда сындарлы диалог пен пікірталас өткізу мәдениетін қалыптастыру.

Жеңімпаздар дипломдар және кубоктармен 2023 жылдың 18 қазанында Тайынша қаласында өтетін ««Әдістемелік шешімдер призмасы арқылы білім берудегі инновациялық үрдістерді қолдау жүйесі»» атты аймақтық семинарда марапатталады.


Дереккөзі: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02xv1FnxKGkC8EsamMuMkieBsMPbj4eQWZ5fAbrF5pxufeRsbwMiKFPUif7rLHCeSDl&id=100015670771634

bottom of page