top of page

«Қосымша білім беру үрдісінде жаңа әдістерді қолдану және педагогикалық іс-тәжірибелер» тақырыбы

Тараз қаласындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығы өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Қосымша білім беру үрдісінде жаңа әдістерді қолдану және педагогикалық іс-тәжірибелер» тақырыбындағы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған аудандық семинарды ұйымдастырып өткізді.

Аталмыш іс-шара Байзақ ауданы, Байзақ ауылы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында өткізілді.

Семинардың мақсаты: жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тұлға шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсету. Сонымен қатар, семинарда жас педагогтер әртүрлі жаңа технологиялық әдістерді қолдану арқылы ашық сабақтар өткізсе, тәжірибелі мамандар қолөнер бағытындағы жұмыстар бойынша шебер сыныптар көрсетті.



bottom of page