top of page

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ

❗2024 жылғы 23 ақпан ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Білім берудегі бейнелеу өнерінің педагогикалық мазмұны» тақырыбында вебинар өткізді.

✔️Вебинарға балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарының педагогтеріне арналған «Кескіндемені оқытудағы педагогикалық шеберлік: қабылдаудан жүзеге асыруға дейін» біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.

❗Модератор:

Ахметкаримова Жаныл Мусакановна, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Балалар өнер мектебі, Көркемөнер бөлімінің оқытушысы.

❗Спикерлер:

1. Абдакиев Адайбек Жумагелдиевич, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қ. Медетов атындағы балалар өнер мектебінің бейнелеу класының мұғалімі;

2. Стамкулова Гулимжан Сатовна, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылығы уйі»ММ «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі;

3. Халеллаев Куаныш Әрінтайұлы, Абай облысы Жарма ауданы, Өнер мектебі, Бейнелеу өнері пәнінің ұстазы;

4. Хамзина Амина Жумашевна, Қарағанды облысы,Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Балалар өнер мектебі, Көркемөнер бөлімінің мұғалімі;

5. Кабусагит Бекзат Асылбекұлы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығының «Қылқалам» сурет үйірмесінің жетекшісі.

✔️Вебинарда педагогтеріміз курста алған білімдерін сабақта қолданып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлеріміз «Кескіндемені оқытудағы педагогикалық шеберлік», «Бейнелеу өнері оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру маңызы», «Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеудегі бейнелеу өнерінің рөлі», «Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары», «Монотипия. Салынған суреттің айна бейнесі» тақырыптарын ашып, балалармен жұмыс барысында қолданған қызықты техникаларымен бөлісті. Қосымша білім беруде жүргізілген барлық жұмыстар балалардың зейінін дамытып қана қоймай, қабілеттерін арттыратын озық тәжірибелерін ортаға салды.


Comments


bottom of page