top of page

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ

❗2024 жылғы 20 ақпан. ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында вебинар өткізді.

✔️Вебинарға балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған «Тұрғылықты жері бойынша жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» біліктілікті арттыру курстарының 46 тыңдаушысы қатысты.

❗Модератор:

Хаблай Хамара Хаблайқызы ШҚО, Өскемен қаласы «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігінің педагог-ұйымдастырушысы.

❗Спикерлер:

1. Абильтаева Бағдат Саматқызы Қостанай облысы, Рудный қаласының Балалар тәрбие-сауықтыру кешені «Лидер» аула клубының педагог ұйымдастырушысы.

2. Тилекеева Сауле Рахметуллаевна Түркістан қаласы Ататүрік атындағы 17 мектеп-гимназия тарих пәні мұғалімі.

3. Исағабылова Толғанай Болатқызы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы №202 орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

4. Шаймерденов Сафуан Абилахатович - Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы 17 мектеп-гимназиясының қосымша білім беру педагогі.

5. Алпысова Агжан Маратовна Аула клубының педагог-ұйымдастырушысы.

✔️Педагогтер курс барысында алған білімдерін өз жұмысында қолдану барысында тәжірибе алмасып, керемет ой-талқы алаңын құрып, алған білімдерімен де бөлісті. Қатысушылар әрі қарай жұмыс барысына қажетті ақпараттар алды.


Comments


bottom of page