❗2024 жылғы 18 қаңтар ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Балаларға қосымша білім берудің ақпараттық-білім беру ортасында білім беру робот техникасының рөлі» тақырыбында вебинар өткізді.
✔️Вебинарға «Робот техникасын қолдану негізінде оқу-конструкторлық қызметті ұйымдастырудың заманауи технологиялары» біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты.
❗Модератор: Шарипова Мадина Тлековна, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, робототехника үйірмесінің педагогі.
❗Спикерлер:
1. Сексембаева Гульбану Балабековна, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, қосымша білім беру педагогі;
2. Шәкер Думан Қанатұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Жас техниктер станциясы, робототехника бойынша қосымша білім беру педагогі;
3. Максут Ануар Куанышевич, Алматы қаласы, №1 Оқушылар үйі, қосымша білім беру педагогі;
4. Казиева Оразгуль Нурлановна, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қараменді ауылындағы Балалар өнер мектебі, қосымша білім беру педагогі.
✔️Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолданған тәжірибесімен алмасты. Вебинарға қатысушы педагогтер жұмыс барысына қажетті ақпараттар алып, өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыстарын білдірді.
❗Вебинар балаларға ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беру жүйесін дамытуда алынған білімді тереңдетуге және жүйелеуге көмектеседі деп сенеміз.
コメント