❗2024 жылғы 15 қаңтар. ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қосымша білім беру жағдайында оқыту ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді.
✔️Вебинарға «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қосымша білім беру жағдайында оқыту ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курстарының 20 тыңдаушысы қатысты.
❗Модератор: Тастанова Роза Кабылбековна, Шымкент қаласы, Балалар көркемсурет мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім беру педагогі, бейнелеу өнерінің тарихы пәнінің мұғалімі, педагог - шебер. Тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін бейімделген орта құру».
❗Спикерлер:
1. Дегенбаева Гулбану Абуталиповна, Алматы каласы, Ауезов ауданы, №11 балалар музыка мектебінің домбыра аспабының оқытушысы, Тақырыбы: «Қосымша білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыстағы инновациялық технологиялары»;
2. Уалиева Асия Уалиевна, Жетісу облысы, Алакөл ауданы «Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы» директоры, қосымша білім беру педагогі, «Ән айту өнері» үйірмесінің жетекшісі, Тақырыбы: «Қосымша білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға музыкалық тәрбие беру»;
3. Бралиева Алтынай Есимбеккызы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығының қосымша білім беру педагогі, Тақырыбы: «Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық педагогикалық жұмыстар»;
4. Абенова Анар Көлмырзақызы, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің сольфеджио класының оқытушысы. Тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, көрмелерге қатысуының ерекшеліктері, тәсілдері мен нұсқаулықтары».
❗Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұйымдастырушылар мен спикерлерге озық тәжірибелерімен алмасқаны үшін алғыстарын айтты.
Comentarios