📌2024 жылғы 15 қаңтар
ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстарының аясында «Туристік-экскурсиялық қызметтегі өлкетанудың рөлі» тақырыбында вебинар өткізді.
✔Вебинарға «Қазіргі білім берудегі өлкетанудың негізгі аспектілері» біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты.
✔Модератор: Булатбекова Молдир Маратовна, Шымкент қаласы, Экология, өлкетану және туризм орталығының қосымша білім беру педагогі.
✔Спикерлер:
1. Наврузбаев Медеу Бегдуллаевич, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, жас туристердің облыстық станциясының қосымша білім беру педагогі;
2. Озғанбаев Айдос Жазықбайұлы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі;
3. Усагалиева Акмарал Задашевна, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Өркен ауылы, Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі, «Жас таланттар» үйірмесінің жетекшісі педагогі;
4. Рамазанқызы Тоғжан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, №5 орта мектебі, тарих пәні мұғалімі, «Өлкетану» үйірмесінің педагогі.
✔Педагогтер курстан кейінгі қолдау мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға қатысушы педагогтер жұмыс барысына қажетті ақпараттар алып, өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыстарын білдірді.
✔Вебинар балаларға туристік-өлкетану бағытында қосымша білім беру жүйесін дамытуда алған білімдерін тереңдетуге және жүйелеуге көмектеседі деп сенеміз.
Comments