Босбек кентіндегі Қостанай колледжінің базасында Қостанай облысының «Жас Әскер» әскери-патриоттық клубтарының слеті өтті, оған облыстың қалалары мен аудандарынан 14 мықты команда қатысты. Жарыс әскери жағдайына жақын далада өтті. Көңіл-күй көтеріңкі және ауа-райы қолайлы болды.
Қорытындысы бойынша Гуманитарлық колледждің атынан қатысқан «Жас сарбаз-Тайфун» ӘПК пневматикалық мылтықтан атудан 2-ші орынды және патриоттық әндерді орындау бойынша шығармашылық байқауда 3-ші орынды иеленді. Жеке есепте мылтықтан ату кезінде Вахитова Карина қола медаль алды.
Жарыс сәтті өтті және көптеген жағымды эмоциялар қалдырды!
Comments