Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қашықтықтан «Қысқы ертегі» атты шығармашылық конкурс өткізді.
Байқауға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері және бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктері бойынша қатысты: 5-6 жас; 7-8 жас; 9-10 жас.
Байқау 3 номинация бойынша өтті: - «Жаңа жылдық ертегі» - ертегілер байқауы, дәстүрлі жаңа жылдық кейіпкерлердің Аяз ата, Ақшақар және т.б. қатысуымен ертегі жазу; - «Жаңа жылға арналған шығармашылық идеялар» - кез-келген материалдан дайындалған қолдан жасалған бұйымдар жасау; - «Жаңа жыл ғажайыптары» - суреттер байқауы кез-келген материалда сурет салу.
Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын төмендегідей критерийлер бойынша бағалады: - тақырыптың ашылу сапасы мен толықтығы; - көркемдік шеберлігі; - жұмыстың орындалу техникасы мен сапасы. «Жаңа жылдық ертегі» - ертегілер байқауы номинациясы бойынша тақырыпқа сай келуі, грамматикалық қателердің болмауы, тапқырлығы, логикалық ойлауы, ойлау қабілеті ескерілді.
Байқау қорытындысы бойынша 291 жүлдегер анықталды (1 орын – 60, 2 орын – 91, 3 орын – 140 оқушы).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!



Comments