top of page

Қарағанды обл., «Қазақстан – менің алтын бесігім» қорытындылары


2022 жылдың 4 ақпанында "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени – білім беру жобасы аясында "Қазақстан – менің алтын бесігім" атты облыстық балалар фестивалін қашықтықтан өткізді. Фестиваль 3 номинация бойынша өтті.

Фестивальге Жезқазған қаласының М. Құлышева ат. БҚО-дан, Осакаровка ауданының "Пионерский", Қарағанды қаласының "Әсем", Қарағанды қаласының "Таңшолпан" балалар үйлерінен жалпы 35 тәрбиеленуші қатысты.

Фестиваль жеңімпаздары:

«Жүрек жылуы» вокалистер байқауында:

1 орын – Касьянова Татьяна - Қарағанды қ. «Таңшолпан» балалар үйі. «Татулықтың тұғыры-бірліктің бесігі» атты халық биі байқауында:

1 орын – «Smail» би тобы Қарағанды қ. «Әсем» балалар үйі КММ.

«Ризамын халықыма!» театр байқауында:

1 орын - Осакаровка ауданының «Пионер балалар үйі» КММ» достық ұжымы.

Қазылар алқасы балалардың өнерін ерекше атап өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен, жетекшілері оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Облыстық байқаудың номинациялар бойынша 1 орын алған жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысады.

Commenti


bottom of page