top of page

Қалалық Робототехникадан "Fan Robotics"сайысы

Тәуелсіздіктің 30жылдығы және М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының 10 жылдық мерейтойы аясында "Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және сүйемелдеу орталығының қолдауымен өткізілген қалалық Робототехникадан "Fan Robotics"сайысы болып өтті. Сайысқа 10 жастан 16 жасқа (4-10 сынып оқушылары) дейінгі балалар қатысты. Сайыс екі жас тобында өтті: - 10-13 жастағы білім алушылар; - 14-16 жастағы білім алушылар;

Жарыс түрлері: 1. «Mini Sumo» - 20 2. «Лабиринт» - 15 3. «Кегельринг» - 20 4. «Қызыл түс, жасыл түс» - 20

Жарыстың аталған 4 түрі бойынша қала мектептерінен 29 мектеп, 75 оқушысы сайысқа түсті.

Аталған сайысқа Сәкен Сейфуллин атындағы 80 мектептің Шұғыла комьюнити орталығынан 6 оқушы (Жүсіпбеков Бағлан 9- сынып Бахит Рамазан 7-сынып Егемқұл Ерсұлтан 6-сынып Бахыт Әділет 6-сынып Джусупбек Омар 6-сынып Толғанбай Арлан 4-сынып) қатысып сертификат алды, оның ішінен 1 оқушы жартылай финалға жетті, 1 оқушы жүлделі орынға ие болды.

«Mini Sumo» бағыты бойынша 7-сынып оқушысы Бахит Рамазан жүлделі ІІI дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Мини сумо» бағыты бойынша 4-сынып оқушысы Толғанбай Арлан жартылай финалға дейін үздік ойыншы болып келді. Жетекшісі Байкенжеева Жанаргуль Кабдрашевна

Қалалық Робототехника «Fan Robotics» сайысы оқушылар үшін өте үлкен мүмкіндіктер сыйлады. Сайысқа қатысушылар өте жақсы дайындалып, үздік жұмыстарымен бөлісті және бір-бірінен тәжірибе алды. Өте тартысты сайыс болды.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comentários


bottom of page