Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау ниетінде, адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылықісшараларын өткізді.
«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» деген ұранмен гимназиямыздың ата-аналар қауымы игі істі атқару барысында жұмыла кірісіп, Сәтбаев қаласы қалалық ауруханада жатқан мұқтаж жандарға және Жезқазған қаласында орналасқан «Мүгедектер және қарттар үйіне» киім-кешек, азық-түлік, тазалық заттары мен күнделікті тұрмыста қолданатын қажеттілерін беріп жіберді. Ата-аналар аманатын гимназияның «Жас сарбаз» кадет сыныбындағы білім алушылар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жеткізді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=502044880777578&id=100029162104434