Алғыс күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 1 наурыз күні Астана қаласының 127 білім мекемесінен 6350 бала «Қазақ еліне мың алғыс» челленджіне қатысатын болды. Челлендж бір уақытта таңғы сағат 8.00-де басталды.
Мақсаты – өскелең ұрпақтың туған елге деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Аталмыш іс-шараның қатысушылары Астана қаласы Мектепішілік және Студенттік Парламент белсенділерінен құралған. Челлендж символы жүрек формасы арқылы ризашылық білдіріп, болашақ пен бүгінгі Қазақстанның ұлттық бірлігіне жауапкершілікті сезіну.
Челлендж бойынша фото, бейнежазбаларды әлеуметтік желілерден #АстанаданҚазақЕлінеМыңАлғыс хэштегімен көре аласыздар.
Comments