Қалалық жас туристер стансасы 2023 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Гүлдене бер, Қазақстан!» қалалық өлкетану олимпиадасын өткізді.
Өлкетану олимпиадасы оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған өлкесінің тарихы мен мәдени ескерткіштерін құрмет тұтуға, тәуелсіздігімізді бағалай білуге тәрбиелеу; оқушылардың өз өлкесінің тарихи мәдениеті, рухани мұрасы, киелі орындары туралы білімдерін, ой-өрісін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиада ереже бойынша 2 кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Өз өлкесінің тапқырлары» кезеңінде Ақтөбе облысының тарихы, мәдениеті, экологиясы, танымал тұлғалары тақырыптары бойынша тест жұмысын орындады. Бірінші кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар екінші кезеңге өтті. «Туған жерім – нұрлы елім» кезеңінде картадан Ақтөбе облысының аудандарын тауып, туристік нысандарын белгілеп практикалық жұмыс жасады.
Олимпиадаға жалпы білім беретін қала мектептерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан 33 оқушы бақ сынасып, белсенділік танытты.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», - демекші:
І орын - Ахметжанқызы Ақжан «М.Дулатов атындағы № 63 ЖББОМЛ;
ІІ орын - Темірбек Бибарыс Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей, Беркимбаев Алдияр №10 ЖББОМ, Қайрат Еркеназ №78 ЖОББМГ;
ІІІ орын - Қуандықова Тахмина № 65 ЖББОМ, Сүйеубаев Мейірбек №59 ЖББОМ, Сексенбай Мерей № 21 МГ, Артурова Айшабибі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, Өмірбек Кәусар М.Арын атындағы ҚҚОМ.
Жеңімпаздар Ақтөбе қаласының «Әдістемелік кабинет» КММ І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды. Олимпиадаға қатысушыларға Қалалық жас туристер стансасы атынан сертификаттар берілді.
Бүгінгі іс-шарада алда талай асулары бар жас өрендер білім, ғылым көгінде бірталай мағлұматтармен өз деңгейлерін толықтырып, жарқын көңіл-күймен тарасты. Туған жерін, өлкесін сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Comments