2021 ж. 20 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК және Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесе отырып, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары-жас ұрпаққа аманат» атты қалалық вебинар өткізілді. Вебинар модераторы педагог-мастер, Орталықтың қосымша білім беру педагогі, «Турист-өлкетанушылар» үйірмесінің жетекшісі Алиева Ляззат Нұрғалыққызы болды. Алғашқы болып «Білім беруді жаңғырту орталығының» әдіскері Садыкова Нұргүл Госманқызы сөз сөйледі. Вебинарды ары қарай қосымша білім беру педагогі Жұмабаев Батырхан Елікұлы жалғастырды. Педагог дәрісін қазіргі таңдағы аса сұраныстағы тақырып «Ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа танытудағы қасиетті нысандардың атқаратын рөлі» деп алды. Дәріс барысында «Турист-өлкетанушылар» үйірмесінің жетекшісі ұлттық құндылықтар туралы біраз мәлімет берді, сонымен қатар сөз арасында бейнероликтер көрсетіп отырды. Шетелде білім алып келген Батырхан Елікұлы адамның бойындағы басты қасиеті ұлттық құндылықтарды дамытуда өзінің тәжірибесімен бөлісті.
«Сақ қорғандарының шырақшысы» атты дәрісін қосымша білім беру педагогі, «Қосымша білім беру педагогтерінің Ассоциациясы» мүшесі Алиева Ляззат Нұрғалыққызы оқыды. Ляззат Нұрғалыққызы «Алтын Адамды» тапқан адам - Бекмұханбет Нұрмұханбетов туралы өте қызықты ақпарат берді. «Өлкетану» үйірмесінің басты міндеті жас ұрпақты елін, жерін қадірлеуге үйрету екендігін педагог өз сөзінде айтып өтті. Ляззат Нұрғалыққызы дәріс барысында қызықты фотосуреттермен, бейнероликтермен бөлісті. «Ұлытау - ұлт шежіресі» атты дәріс сағатын қосымша білім беру педагогі, «Географ-өлкетанушылар» үйірмесінің жетекшісі Жакупов Қабанбай Бекетұлы жүргізді. Қабанбай Бекетұлы Ұлы дала тарихындағы Мәңгілік елдің тарихи даму жолдары туралы айтты. Жалпы вебинарға 32 адам қатысты. Вебинарға қатысқан барлық спикерлер мен қатысушыларға алғыс айтамыз!
Comments