top of page

Қазақстандық оқушы АҚШ-та өткен беделді байқауда жүлдегер атанды


Бүгін Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сағын Жұмаділдаев АҚШ-тың Даллас қаласында өткен әлемдегі ең беделді ғылыми жобалар байқауының бірі – International Science and Engineering Fair-дан жүлделі II орынмен оралды.

Ол "Математика" секциясы бойынша «L-тромино-плиткалары» жобасын ұсынды, сондай-ақ 1000$ көлемінде сыйақы еншіледі.

Бір жыл бұрын олимпиадада L-тромино фигурасының көмегімен плиткаларды жанастыру бойынша тапсырма орындадым. Осы тақырыпқа қызығушылық туындап, оны жоба ретінде жасауды қолға алдым. Әлі дәлелденбеген теоремалар бар, соны шешу арқылы келесі жылы да ISEF-ке қатысу жоспарда тұр, – дейді жас математик.

Сонымен қатар байқауға Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің оқушысы Асылхан Қали де қатысып, «Aq Zhol» жобасын таныстырды. Бұл –жүргізушінің халі мен мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беретін бейнетіркегіш және жол-көлік оқиғаларынының санын азайтуға бағытталған.

Қазақстанның туын әлемдік аренда көтеріп, еліміздің атынан өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Болашақта одан да жақсы нәтижеге жетуде бар күш-жігерімізді саламыз, – деп Асылхан өз әсерімен бөлісті.

NIS ұжымы, Зияткерлік мектептер түлектерінің қауымдастығы, ата-аналары мен достары Сағын мен Алиханды елорданың әуежайында қарсы алды.

International Science and Engineering Fair – 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған STEM жобалардың дүниежүзілік байқауы. Халықаралық шара жыл сайын өтеді және әлемнің 100 елінен келген 2000 оқушының арасынан үздіктерді анықтайды.


Дереккөзі: https://el.kz/qazaqstandyq-oqushy-aqsh-ta-otken-bedeldi-bayqauda-zhuldeger-atandy_75381/

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page