top of page

Қазақстандық белгілі композитор Яков Хан қайтыс болды


Қазақстандық белгілі музыкант және композитор Яков Хан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, коронавиурс әлі де адам өмірін алып кетіп жатыр. Бүгін тағы бір керемет адам өмірден озды. Мен Яков Ханның отбасы мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Қазақстандағы белгілі музыкант, композитордың артында тамаша аранжировка, әртүрлі жанрдағы туынды, бай шығармашылық мұра қалдырды", - деп жазды Балаева Facebook-те.

Яков Хан ұзақ жылдар бойы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблімен жұмыс жасап, оған көптеген шығарма жазған.

"Бұл талантты тұлғаның шығармашылық жолы кенеттен және қайғылы аяқталғаны өте өкінішті", - деп қосты министр.

Яков Хан "Арай" ұжымымен өнер көрсеткен, корей театрында музыкалық қойылымдар қойған. Ол "Память" және "Томирис" бір актілі балеттеріне музыка жазған және Алматыда эстрадалық-симфониялық оркестрді басқарды.

Өмірінің соңғы жылдары Яков Хан жас таланттарға джаз бағытын үйреткен.



Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

Comments


bottom of page