top of page

Қазақстанда оқушылар арасындағы Менделеев олимпиадасы өтеді


Олимпиаданы ұйымдастырушылар жарыс өтетін зертханалар мен аудиториялардың техникалық жабдықталуын жоғары бағалады

1-6 мамыр аралығында Қазақстанда өтетін оқушылар арасындағы химия пәнінен 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына (ХМО-57) 20-дан астам елдің командасы қатысады. "Республика үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолдауымен Менделеев олимпиадасы 2002, 2012 және 2017 жылдары Қазақстанда өтті. Бұл халықаралық ауқымдағы жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігін дәлелдейді. Биылғы жылы Халықаралық Менделеев олимпиадасының негізгі іс-шаралары Астанада, Назарбаев университетінің зертханалары мен аудиторияларында өтеді. Университеттің техникалық жабдықталуы олимпиаданы өткізуге барлық жағынан толық сәйкес келеді", - деді Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов. Менделеев олимпиадасына қатысатынын қазірдің өзінде 20-дан астам елдің командасы растады. Дәстүрлі түрде Австрия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Хорватия және тағы басқа елдің командалары қатысады. Бразилия құрамасы турнирге қатысуға алғаш рет өтінім берді. Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Ресей ғылым академиясының вице-президенті және Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков 2023 жылғы Олимпиада барлық ковид шектеулері жойылғаннан кейін бетпе-бет форматта екінші рет өткізіліп отырғанын айтты. "Биыл елдердің қатысуға жолдаған өтінімдерінің саны бірден 30%-ке өсті. Біз Ғылым мен технология онжылдығы мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесімізді қоса отырып, қатысушы мемлекеттер саны одан әрі кеңейеді деп күтеміз", - деді ол. 1997 жылы Халықаралық Менделеев олимпиадасы мектеп оқушылары арасындағы химия пәнінен Бүкілодақтық олимпиаданың жалғасы ретінде жарияланып, осы білім сайысының кезекті нөмірін сақтап қалды. Жарыс әдетте бес-алты күнге созылады және үш кезеңнен, атап айтқанда, екі теориялық және бір практикалық кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің тапсырмалары күрделілігі бойынша мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші кезеңде қатысушыларға химияның бес бөлімінен – органикалық, бейорганикалық, аналитикалық және физикалық химия, сондай-ақ тірі ағзалар туралы ғылымдар бойынша жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады. Олимпиаданың бес сағатқа созылатын практикалық кезеңі мектеп оқушыларының химиялық зертханада жұмыс істеу дағдыларын, яғни заттардың химиялық талдауын және ұсынылған әдіс бойынша синтезді орындау қаблетін қамтиды. Менделеев олимпиадасының қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан дәстүр бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар қола, күміс және алтын медальдармен марапатталады. Жеңімпаздар саны қатысушылар санына қатысты процентпен анықталады. Алтын медальдан басқа мінсіз жеңімпазға, Андрей Мельниченко қоры құрған академик В.В.Лунин атындағы сыйлық ұсынылады. 2022 жылы оның көлемі 2 миллион рубльді құрады. "Бұл сыйлық халықаралық Менделеев олимпиадасының негізін қалаған және бүкіл өмірін химия ғылымы мен химия біліміне арнаған адамды еске алуға арналған. Бұл біз жас химиктерге табыстайтын эстафеталық таяқша іспеттес. Болашақ солардың қолында", - деді Халықаралық Менделеев олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Андрей Мельниченко қорының атқарушы директоры Александр Чередник. Халықаралық Менделеев олимпиадасы-57 іс-шарасының ашылу және жабылу салтанаты Олимпиаданың ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.


Дереккөзі: https://sputnik.kz/20230411/qazaqstanda-oqushylar-arasyndagy-mendeleev-olimpiadasy-otedi-33800823.html

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

コメント


bottom of page